2022 жылдың 8 сәуірінде Жамбыл облысы Меркі ауданы Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында Облыстық «Химия-биология» олимпиадасы болып өтті.
Олимпиада мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау; оқушылар бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін анықтау және білімдерін қолдануды ұғыну; оқушылардың жаратылыстану бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
Олимпиадаға Меркі ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бопиева Сапаркуль, Абай атындағы ҚазҰПУ «Химия» білім беру бағдарламасы бөлімінің доценті Мейрманова Айманкуль, Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей директоры Қыстауов Болатбек, Абай атындағы ҚазҰПУ «Биология» білім беру бағдарламасының бөлімінің аға оқытушысы Джунусова Раушан, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директорының орынбасары Тажибекова Айман қатысып, төрешілік жасады. Олимпиадаға аудан мектептерінен барлығы - 63 оқушы қатысып, «Химия-Биология» пәндері бойынша тапсырмалар орындап, бағын сынады. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары пән мұғалімдерімен өз пәндері бойынша шеберлік сағат өткізді.
Олимпиада нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар І-ІІ-ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды.